БастыДенсаулық

Шымкентте коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт іске қосылды

Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы www.covid19shymkent.kz. ақпараттық порталы іске қосылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ – мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпарат жарияланады.

Интернет ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылады. Сонымен қатар онда дәрігерлердің қатысуымен бейне-брифингтер өтіп, аурудың алдын алу, оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат береді.

Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты табуға болады.

Сайтқа кіру сілтемесі : http://www.covid19shymkent.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button