БілімҚоғам

Талдықорғанда студент қыз үшінші қабаттан құлап мерт болды

Талдықорғандағы гуманитарлық колледж ғимаратының үшінші қабатынан студент қыз құлап, қайтыс болды. Оқиға 31 қаңтар күні таңғы 9.30-да тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2002 жылғы бойжеткен жедел жәрдем көлігімен Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Студент емдеу мекемесінде есін жимастан көз жұмды.

Қазіргі таңда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері куәгерлерден оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 2 бөлігі яғни өзіне қол жұмсауға итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше толық ақпарат тергеу жұмыстары аяқталғанда белгілі болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button