
Шымкент қаласының төрт ауруханасына оттегі бекеті орнатылды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады.

Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада. Аталған әр медицина мекемелерінде кислородтық 50 төсек-орын ашылады.

