Қоғам

Алматы зообағында «Қызыл кітапқа» енген қонжықтар дүниеге келді

Алматы хайуанаттар бағында тағы бір қуанышты жаңалық тіркелді. «Қызыл кітапқа» енген Тянь-Шань қоңыр аюларының жұбынан екі қонжық дүниеге келді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты

Биыл қаңтар айы зообақ үшін ерекше өнімді кезең болды. Бұған дейін мұнда амур жолбарыстарының, сондай-ақ сұр және қызыл кенгурулардың төлдері туған еді.

«Жыртқыш сүтқоректілер» бөлімінің басшысы Гауһар Сіргебаеваның айтуынша, қонжықтар Құрманбек пен Герданың жұбында 1 қаңтарда дүниеге келген. Бұл Герданың төртінші төлі.

«Қонжықтар өте әлсіз болып туады: көзі көрмейді, құлағы естімейді, денесі түксіз болады. Алғашқы 3-4 айда олар жылы үйшікте жатып, енесін еміп қоректенеді. Осы уақыт бойы зообақ мамандарының бақылауында болды. Қазір екі қонжық та өсіп қалды. Герда тәжірибелі ана, төлдеріне өте жақсы күтім жасайды. Бүгінде қонжықтар анасына еріп, үлкен вольерге шыға бастады», — деді ол.

Дәстүрге сай, Алматы хайуанаттар бағы қала тұрғындарын жаңа туған қонжықтарға ат қоюға қатысуға шақырады. Қонжықтардың бірі еркек, екіншісі ұрғашы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button