Қоғам

Семейде жаңа қонақ үй салу жобасы талқыланды

Облыс әкімі Берік Уәли «Hexo Hotels Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Семейде заманауи қонақ үй салу жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Hexo Hotels Group» – ел аумағында қонақ үйлерді дамыту бойынша халықаралық Accor компаниясының серіктесі. Компания елімізде қонақ үй бизнесін дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта компанияның Қазақстан бойынша 10-нан астам жобасы бар.

Жобаға сәйкес Семейде 5 қабатты қонақ үй кешенін салу жоспарлануда. Нысан құрамында фитнес залы, SPA орталығы, кеңсе бөлмелері, конференц-зал, автотұрақ, мейрамхана және жазғы терраса қарастырылған. Жоба өңірдің туристік және іскерлік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы инвесторларға өңірге деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіріп, жобаның жүзеге асуына жергілікті әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button