Денсаулық

ДСМ: Церебральды сал ауруы және басқа аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің кепілдігі сақталады

Денсаулық сақтау министрлігі жаңартылған медициналық көмек пакетінде балалардың церебральды сал ауруы және басқа да әлеуметтік мәні бар аурулары бар пациенттерге тегін медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық кепілдіктері сақталатынын хабарлайды

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Медициналық кепілдіктердің бірыңғай пакетіне көшеді. Созылмалы аурулары бар барлық пациенттер емдеуді және дәрі-дәрмектерді бұрынғы көлемде қабылдауды жалғастырады – өзгерістер денсаулық сақтау жүйесін әділ, тұрақты және барлығына қолжетімді етуге бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 14 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

«Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықты медициналық көмекпен барынша қамтуға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерге азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын (D және Е санаттары) сақтандыруға мүмкіндік беретін қаржылық тетіктерді көздейтін нормалар алғаш рет енгізілуде. Бұл қосымша 1 млн-нан астам азаматтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Мемлекет, бұрынғыдай, азаматтардың барлық жеңілдетілген санаттарына, соның ішінде балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, студенттерге, мүгедектігі бар адамдарға және жұмыссыздарға қатысты өз кепілдіктерін сақтайды — бұл жалпы алғанда 11 миллионнан астам қазақстандық, оның ішінде БЦС бар барлық пациенттерге қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button