Спорт

Клубтарды жекешелендіруге және футбол академияларын салуға 45 млрд теңге инвестиция тартылды

Президенттің IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет отырысында кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру барысы туралы ақпарат берді. Ол тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 45 млрд теңгеден асатынын атап өтті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Осы жұмыстар аясында футбол академиясын салуға 12 млрд теңге инвестиция тарту арқылы «Қайсар» ФК ресми түрде жеке меншікке өтті. «Қызыл-Жар» СК» ФК бойынша да меншік құқығын беру процесі аяқталуда, онда инвестор жыл сайын кемінде 1 млрд теңге салуға міндеттеме алды. «Жеңіс» ФК бойынша академия құруға жұмсалатын жалпы инвестиция көлемі 16 млрд теңгені құрайды. «Шахтер» ФК-ге қатысты қоғамдық бағалау мен тыңдаулардан кейін аукцион өтеді. Мұндағы инвестицияның жалпы көлемі 18 млрд теңгені құрайды.

Сонымен бірге спорттағы корпоративті басқарудың жаңа модельдерін енгізу мәселесіне де ерекше назар аударылып отыр.

«»Елімай» футбол клубын «коммерциялық емес акционерлік қоғам» меншік нысанына айналдыру жөніндегі пилоттық жобаны атап өту қажет. «Елімай» «Реал Мадрид», «Барселона», «Байер» және басқа да көптеген еуропалық клубтардың үлгісімен корпоративтік басқарудың осы моделін жүзеге асырған еліміздің алғашқы клубы болды. Бұл модель әлемдік тәжірибеде өзін сәтті көрсетті және жүйелі түрде серіктестер тартуға және мемлекетті, клубты, бизнес пен қоғамды біріктіруге мүмкіндік беретін бірқатар артықшылықтарға ие. Клуб 100 миллион теңге сомаға акция шығарды және қазірдің өзінде еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері, көрнекті спортшылар және тағы басқалар «Елимайдың» акционері атануда», — деді Давид Лория.

Басқа жаңалықтар

Back to top button