Қоғам

«Келешек» бағдарламасы аясында 6 762 кішкентай қазақстандықтың есепшотына 1,6 млрд теңге аударылды

Бес жасар балалардың ата-аналары үшін жақсы жаңалық. Ұл-қыздарыңыздың «AQYL» депозитіне мемлекеттік бастапқы капитал аударылды. Қаражат «Қаржы орталығы» АҚ-нан түсті және болашақта оқу ақысын төлеуге арналған, деп мәлімдейді «Отбасы банктің» баспасөз қызметі

Дүйсенкүл Әбидің әжесі бүгін немересінің жинақ есепшотындағы 471 840 теңге. сомасын көріпті. Ол бес жасар Жасминнің қамқоршысы. Қыз бала ата-анасыз өсіп жатыр. Сондықтан оның болашағы көп жағдайда әжесінің қамқорлығына, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке байланысты.

– Бұл шынымен де қуанышты жаңалық. Биыл немерем мектепке дайындалып жатыр. Біздің үлкен отбасымыз оны қолдайды. Мемлекет биыл бес жасқа толатын балалардың оқуына бастапқы капитал бөле бастайтынын білдім. Жасминнің туған күнінде, яғни мамыр айының 15-і күні мен оған «Отбасы банкінде» «AQYL» оқу депозитін аштым, бүгін ақша түсті. Немеремнің болашағына, жоғары оқу орнына түсіп, лайықты білім алуына қаражат жинаймыз, – дейді Дүйсенкүл Әби әже.

Биылдан бастап 5 жасқа толған барлық балаларға «Келешек» бағдарламасы аясында мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы есептелетін болады.

Қазір Жасминмен бірге 23 қазақстандық бала мемлекеттен 471 840 теңге көлемінде бастапқы капитал алды. Бұл жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Отбасында тәрбиеленіп жатқан тағы 6 739 баланың әрқайсысына 235 920 теңгеден берілді.

Бастапқы капиталды алғандардың қатарында Диана Есқалиева да бар. Ол отбасының кенжесі. Анасы Татьяна Шевченконың үш баласы бар және олардың барлығына «Отбасы банкінде» депозит ашылған.

– Диананың атына «AQYL» депозитін аштық, 10 жасар ұлымыз бен 20 жастағы қызымыздың «Отбасы» банкінде есепшоты бар. Алдағы уақытта «Отбасы банкі» арқылы оған үй сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алғашында мемлекет бізге бастапқы капиталды береді дегенге сенбедім, бірақ түскен қаражатты көргенде шабыттандым. Бұл жақсы бастама, – дейді банк клиенті Татьяна Шевченко.

«Отбасы банкі» 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толған балалардың шотына қаражат аударды. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында 5 жасқа толған балаларға қаражат 2026 жылдың ақпан айында түседі.

«Келешек» бағдарламасы бойынша бастапқы білім беру капиталы AQYL депозиттеріне аударылады. Ашылған AQYL депозиттеріне бастапқы капиталды алу үшін оларды алдын ала ашу немесе қосымша келісімге қол қою қажет болатын.

Мемлекеттен түскен бастапқы капиталды сақтап қалу үшін ата-аналар балалары кәмелеттік жасқа толғанша немесе оқу орнына түскенге дейін «AQYL» депозитіне жыл сайын жарна аударуы қажет.

Жылына ең төменгі жарна 24 АЕК немесе 2025 жылы 94 368 теңге.

Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балалар үшін – 12 АЕК немесе 2025 жылы 47 184 теңге.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ашылған «AQYL» депозитіне жыл сайынғы міндетті жарна төлеудің қажеті жоқ.

Жарналарды біржолғы төлеммен немесе жыл бойына бөліктерге бөлуге болады – ең бастысы ең төменгі жарнаны енгізу шарты жылдың соңына дейін орындалуы керек.

Бастапқы капитал депозитке енгізілгеннен кейін енгізілген жарна сомасы есепке алынады. Бастапқы оқу капиталы есептелгенге дейін шоттағы жинақтар есепке алынбайды.

Ал егер жыл соңында қажетті сома енгізілмесе, онда мемлекеттен түскен 60 АЕК немесе 235 920 теңге көлеміндегі бастапқы капитал бюджетке қайтарылады.

«AQYL» депозитінің шарттары:

– пайыздық мөлшерлеме 13,58% (ЖТСМ 14,5%-дан):

– мемлекеттік сыйлықақы: салымшылардың барлық санаттары үшін – 5%. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға – 7%.

– депозит ашу кезінде міндетті бастапқы жарна сомасы 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2025 ж.). Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бастапқы жарна қарастырылмаған.

Депозит бойынша жыл сайын есептелетін сыйақының максималды мөлшері 100 АЕК құрайды (2025 жылға 393 200 теңге).

Мемлекеттік сыйлықақы алу үшін кемінде 1 жыл жинақтау мерзімі есептеледі, яғни мемлекет сыйлықақысын есептеу үшін салым бір жыл болуы керек.

Ал егер сіз депозитті 2025 жылдың ақпанында ашсаңыз, онда мемлекеттік сыйлықақы тек 2027 жылы есептелетін болады, өйткені 2026 жылдың 1 қаңтарында салымыңызға бар болғаны 11 ай болады.

«AQYL» депозитін ашудың бес жолы?

1. Baspana Market порталында. Ол үшін otbasybank.kz сайтындағы жеке кабинетке өтіп, «Менің банкім» , одан кейін «Депозиттер» бөліміне өтіңіз. Әрі қарай «Жаңа депозит» түймесін басып, «AQYL» ашыңыз;

2. Otbasy Bank мобильді қосымшасында. Ол үшін мобильді қосымшадағы «Менің банкім» түймесін басыңыз, содан кейін «Жаңа депозит ашу» бөліміне өтіп, ашу үшін білім беру депозитін таңдаңыз.

3. Банк бөлімшелерінде;

4. Кеңес берушілердің көмегімен. https://hcsbk.kz/network-agents/ сілтемесі бойынша өз қалаңызда кеңесші таңдауыңызға болады.

5. hcsbk.kz банкінің веб-сайтындағы бейнеқоңырау арқылы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button