
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы қала саны туралы статистикалық деректерді жариялады
Оған сәйкес, елімізде қала мәртебесі бар 90 елді мекен бар болып шықты. Соңғы жыл ішінде олардың саны бір бірлікке артқан. Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды. Жалпы облыстық маңызы бар қалалар саны – 39, аудандық маңызы барлар – 38, Республикалық маңызы бар қала – 3.
Өңірлік бөліністе қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 бірліктен.
2025 жылғы 1 қаңтарға аумақтық бірліктер қатарында 195 аудан, 29 кент, 2160 ауылдық округ және 6 179 ауыл бар.