Қоғам

Спорттық бағдарламалау спорттың басым түрлерінің республикалық тізіміне енгізіледі

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі спорттық бағдарламалау саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – жастар арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және оны Республикадағы басым спорт түрлерінің тізіміне енгізу, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар бұл пәнді бірлесіп дамытуға, білім беру бағдарламаларына интеграциялауға, жас мамандарды IT саласына тартуға арналған жарыстар мен іс-шараларды өткізуге келісім жасады. Сонымен қатар, Қазақстанда спорттық бағдарламалау инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар мен ресурстарды тарту үшін жағдай жасау жоспарлануда.

Меморандум білім беру мекемелерін қолдау және IT секторындағы адами капиталды нығайтуға арналған бірлескен бастамаларды әзірлеуді де қарастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button