Қоғам
«Балконнан өртеніп жатқан терезеге секіріп кірген»: Астанада бейбіт күннің батыры марапатталды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында өртеніп жатқан пәтерден қыз баланы құтқарып қалған ер адам марапатталғаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездестім. Ер адам тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында болған өрттен қыз баланы құтқарып қалды.
Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген. Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таң қалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық! Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.