Әлем

«Орталық Азия – Қытай» Хатшылығы өз жұмысын бастайды

Сиань, 2024 жылғы 30 наурыз – Сиань қаласында «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, оған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдун және ҚХР-дағы Орталық Азия елдерінің елшілері қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ә.Бақаев өз сөзінде өткен жылы «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшыларының бірінші саммиті өткенін, оның барысында «Сиань декларациясына» қол қойылғанын, сондай-ақ Хатшылық құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті. Орталық Азия елдері мен Қытайдың тарихи қарым-қатынастарын ескере отырып, Хатшылықтың штаб-пәтері орналасатын жері ретінде Сиань қаласы таңдалды.

Қазақстандық дипломат Хатшылықты құру тығыз өзара іс-қимылдың жаңа бағыты болғанын және өңірлік саясаттың маңызды факторына айналатынын атап өтті.

Сөз соңында Ә.Бақаев ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға іс-шараның ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғысын білдіріп, екі ел халықтарының игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button