БастыҚоғам

Шетелдіктердің тұруға ықтиярхат алуы үшін талап етілетін кәсіптер тізбесін қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізілетін болады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын жетілдіру мақсатында 2023 жылғы 20 ақпанда бекітілген № 49 бұйрыққа өзгерістер енгізеді. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптер тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасына мынадай өзгерістер енгізілді:

– сұранысқа ие кәсіптер бойынша ұғымдық аппаратын айқындау;

– салалық мемлекеттік органдардың ұсыныстары салалық қауымдастықтардың немесе мүдделі жұмыс берушілердің сұраныстары мен қажеттіліктеріне, сондай-ақ саланы реттеудің императивті әдісі негізінде қалыптастыру;

– талап етілетін кәсіптер бойынша өлшемшарттарды айқындау және үміткерлердің олардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкестігі: шетелдік жоғары оқу орнының дипломымен расталған жоғары біліктілік; ғылыми дәрежесінің болуы; ірі немесе танымал әлемдік компаниялардағы жұмыс тәжірибесі; кәсіби білімі мен дағдыларының болуын растайтын арнайы курстарды бітіргені туралы сертификаттар, аттестаттар (басқа құжаттар); бұрынғы жұмыстардың нәтижелері туралы мәліметтер, жұмыс берушілердің, тапсырыс берушілердің пікірлері мен ұсыныстары және т.б.; авторлық әзірлемелердің, жарияланымдардың, кәсіби және конкурстық наградалардың болуы; белгілі бір саланы дамыту бойынша инновациялық идеялардың, жоспарлардың болуы;

– сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру кезінде ішкі еңбек нарығыдағы қажеттіліктерді талдау әдістемесін жетілдіру.

НҚА жобасымен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14977475 сілтемесі арқылы танысуға болады.

Жария талқылау мерзімі 2024 жылдың 29 наурызында аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button