Қоғам

Алғыс айту – парыз

Елімізде 1 наурыз күні – Алғыс айту күні болып бекітілген

Астанада жыл сайын «Алғыс айту күнін» ерекше атап өту дәстүрге айналды. Осыған орай биыл Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – парыз» атты акциясы өтіп, елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік акция 29 ақпан күні елорданың ірі сауда орталықтарында, қала көшелерінде, қоғамдық орындарда, саябақтарда және бизнес орталықтарында өтті. Арнайы жасақталған түсірілім топтары қала тұрғындары мен қонақтарынан аталмыш мерекенің маңызы мен мәніне қатысты пікірін біліп, сауалнама жүргізген болатын.  Сонымен қатар, «алғыс» туралы мақал-мәтелдер мен қазақ ақындарының бір өлеңін жатқа айтудан жарыса қатысқан азаматтарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар да қарастырылды.

Акцияға қатысушылар бейнеролик арқылы өз жақындарына, достары мен туғандарына алғыстарын жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.

Жалпы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Алғыс айту – парыз» акциясына 150-ден астам адам қатысты. Атап өтерлігі, қатысушылар арасында өзге ұлт өкілдері басым.

Басқа жаңалықтар

Back to top button