БастыҚоғам

2023 жылы «Күміс жас» жобасы аясында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) аясында 50 жастан асқан 15 166 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Осы бағыт бойынша 2023 жылы жалпы 14 295 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2103 адам), Қызылорда (1121 адам), Алматы (1099 адам), Қарағанды (1092 адам) және Ақтөбе (1056 адам) облыстарында байқалады.

«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.

«Жұмыстың бірінші жылындағы субсидиялар мөлшері жалақы мөлшерінің 70%-ын, жұмыстың екінші жылында – 65%-ын, жұмыстың үшінші жылында – 60%-ын құрайды. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті», – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button