БастыҚоғам

«Дабыл чемоданы»: онда қандай заттар болуы керек?

«Дабыл чемоданы» – құтқарушылар   келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін. «Дабыл чемоданы» әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз! Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді.

«Дабыл чемоданы» құжаттардан, ақшадан, алғашқы медициналық көмек жинағынан, үш күндік тамақтан, ауыз сумен және бірнеше күндік тағамнан, консервілерден, жоғары калориялы тағамдардан, гигиеналық құралдардан, жылы киімдерден, көрпеден, керек-жарақтардан (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) тұрады.

Ол төтенше жағдай кезінде сіздің өміріңізді сақтауды басты құралына айналады! Сол себепті әр азаматтың төтенше жағдайға және одан кейінгі әрекетке дайын болғаны жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button