БастыСпорт

Журналистер арасында дәстүрлі «PRESS CUP-2023» мини-футбол турнирі өтті

Ел ордасында БАҚ және медиа-компаниялар қызметкерлері арасында жыл сайынғы дәстүрлі «PRESS CUP-2023» мини-футбол турнирі өтті.

Cпорттық жарысқа Jana-kezen, Alash24 және Kaznovosti ақпараттық порталдарының, «Халық үні», Newsroom және Abai aqparat ақпараттық агенттіктерінің, «AstanKINO production» компаниясының, Nur Media және Atameken business медиа-холдингтерінің, сондай-ақ Astana TV телеарнасының, «Хабар» телеарнасының «Оянған өлке» және Qazaqstan телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламаларының ерлер командасы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Astana TV командасының футболшылары жеңіске жетті. Ал жүлделі екінші орынды Kaznovosti ақпараттық порталы, қола кубокты Atameken Business медиа-холдингі қанжығылады.

Сондай-ақ, осы күндері Астанада «PRESS CUP QUIZ-2023» интеллектуалды сайысы өтті. БАҚ өкілдері арасында өткен зияткерлік турнирде «Хабар» телеарнасының «Оянған өлке» бағдарлама ұжымы 1-ші орынды иеленсе, екінші орынды «AstanKINO production» және Qazaqstan телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасының құрама командалары, үшінші орынды Kaznovosti ақпараттық-порталының қызметкерлері алды.

Іс-шараның бас серіктесі – «KAZ Minerals Managment» ЖШС. KAZ Minerals – Қазақстанда және Қырғызстанда мыс өндіруге және жаңа тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған Орта Азиядағы ең ірі мыс өндіруші компаниялардың бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button