БастыБілім

Алматыда 18 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Алматыда 2023 жылдың соңына дейін 6255 орындық 80 балабақша ашылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, мегаполисте барлығы 919 мектепке дейінгі мекеме бар.

Оның 194 мемлекеттік, 725 жеке балабақша. Оған 79 600 бала барады.

«Бүгінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте 18 118 бала тұр.Осы мәселені шешу үшін биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 255 орындық 80 балабақша, оның ішінде 5395 орындық 75 жекеменшік балабақша және 860 орындық 4 мемлекеттік балабақша ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда 2 630 орындық 47 жаңа балабақша ашылды, оның ішінде 300 орындық мемлекеттік балабақша және 46 жекеменшік балабақша бар», – деді Ләззат Жылқыбаева.

Сондай-ақ биыл жекеменшік балабақшаларға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша 5 000 орынға қаржы бөлінді.

«Қазір 3801 орынға жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Жалпы мемлекеттік білім тапсырысы 40 995 орынға 635 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда орналастырылған. Осы шаралардың нәтижесінде 3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту – 93,5% құрады, жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланған»,- деді басқарма басшысы.

Бұдан басқа, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап балабақшада әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан 5 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button