Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысына жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндады, деп хабаарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті жұмыс сапарымен Алматыға барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары биыл 1 маусымда пайдалануға берілген сел тасқынынан қорғайтын бөгетпен танысудан басталды.
Алматы қаласындағы «Аюсай» бөгеті маңында Мемлекет басшысына пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен жылы ашылған Prometheus school мектебіне барды.