Оқу ағарту министрі елорда мектептерінің бірінде өткен салтанатты іс-шарадан соң биылғы оқу жылының ұзаруына байланысты бюджет шығындары туралы сауалға жауап берді.
Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзартылуына байланысты мемлекет бюджетінде артық шығын жоқ деп сендірді.
«Оқу жылын ұзарту үшін бір тиын жұмсалмағанына сенсеңіз болады», – деп жауап берді министр.
Министрдің айтуынша, бұған себеп – мұғалімдердің осыған дейін де мамыр айының соңына дейін жұмыс істеген.
«Кей мұғалімдер 1 маусымнан демалысқа шығады, мысалы, бастауыш сынып мұғалімдері. Ал жоғары сынып мұғалімдері емтихандарын аяқтағанша жұмыс істейді. Олар шамамен 20 маусым 1 шілдеден кейін шығады. Сондықтан олар осыған дейін жалақыларын қалай алса, бұл жолы да дәл солай алатын болады. Бұл жерде ешқандай қаржылық шығын болған жоқ» , – деді министр. Бұған дейін Ғани Бейсембаев қанша мектеп соңғы қоңырауды мерзімінен бұрын өткізгенін айтқан болатын.