Қазақстан интернетке көшу мен цифрландырудың жоғары қарқынымен ерекшеленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, 6 және одан жоғары жастағы қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі 2021 жылы жалпы халықтың 85,3%-ын құрады. Бұл еліміздегі әрбір бес тұтынушының төртеуі дербес компьютер, смартфон, планшет, ноутбукты пайдалануға дағдыланғанын, сондай-ақ стандартты бағдарламаларды пайдаланып және Интернет арқылы қызмет ала алатынын танытып отыр. Бұл ретте үй шаруашылықтарын ұялы телефондармен қамтамасыз ету қазірдің өзінде 99,4%-ды құрап отыр. Бұл ретте республикада мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен көрсеткішке ие. Осылайша, 2022 жылға арналған Интернетке қолжетімділік индексінің соңғы рейтингіне сәйкес Қазақстан интернеттің ең төмен тарифтері бойынша 8-орынға ие болды. Қазақстандықтар 1 ГБ мобильді интернет үшін небәрі $0,8 төлейді.
Оның үстіне Қазақстанда тарифтер құны төмендеп барады: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,9 АҚШ долларын құраған.
Салыстырмалы түрде, көршілес Өзбекстанда айына 1 ГБ үшін 1,3 АҚШ доллары, Тәжікстанда – 3,5 АҚШ доллар төленсе, интернет тарифі 17,5 долларға жеткен Түрікменстан Африка елдері және арал мемлекеттерімен бірге аутсайдерлер қатарына кірді. Мобильді интернеті қолжетімді елдер ондығына Қазақстаннан басқа Ресей, Қырғызстан және Беларусь кірді.
Сарапшылардың пайымынша Қазақстандағы мобильді интернетпен қамтудың жоғары деңгейі – 96% құрайды.