ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев пен ҚР ИИДМ қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің қызметкерлері Ақмола облысындағы «Altyntau Kokshetau» АҚ «Васильковское» алтын кен орнына барды.
«Ведомство өкілдері өндіріс орнындағы технологиялық процестермен танысып, алтын кен орнында болып қайтты. ҚР ИИДМ қызметкерлері сонымен бірге Бурабай кентінде жер қойнауын пайдаланушылармен дөңгелек үстел өткізді. Шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері де қатысты. Іс-шара барысында қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы ақпарат ұсынылды», – деп хабарлайды ИИДМ-нің баспасөз қызметі.
Жиынға қатысушылар сонымен қатар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске, сонымен бірге Салық және Экологиялық кодекстерге өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады.