БастыҚоғам

Автонесие: 9885 мың өтінім мақұлданды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы үш мыңға жуық автокөлік шығарылғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Министр бұл бағдарламаға бөлінген 100 миллиард теңгеден бөлек басқа да қаражат бөлу мәселесі және автонесиеге өтініш қабылдау тоқтап тұрғаны жөнінде сұраққа жауап берді.

Әзірге осы қаражатпен шектеліп отырмыз. Қарастырамыз. Бағдарлама үлкен сұранысқа ие. Ал банктер жұмысын тоқтатқан шығар, себебі 20 мыңнан астам өтініш түсті. Біз шамамен 15-16 мың несиеге 100 миллиард теңге жетеді деп күткен едік. Бүгінде 9885 өтінім мақұлданды, шамамен 10 мың. Бұл шамамен 73 миллирад теңге. Әзірге резервте 27 миллиард теңге бар. Үш мыңға жуық автокөлік шығарылды, – деді министр.

Оның айтуынша, бірнеше айдан кейін қайтарылған қаражат жаңа несиелерге жұмсалады.

Бұған дейін банктер жеңілдетілген бағдарлама бойынша көлік сатып алуға өтініш қабылдауды тоқтатқаны хабарланған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button