Қазақстанда құрылыс сапасына бақылау күшейтіледі. Осы мақсатта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Бірыңғай құрылыс порталын әзірледі. Аталған жүйе бірыңғай цифрлық ортада құрылыстың барлық қатысушыларын шоғырландыруға мүмкіндік беріп, жұмыс сапасын қадағалауға зор ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар портал жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс сараптама порталынан автоматты түрде түсіруді және барлық құрылыс құжаттамасын цифрлық түрде (актілер, журналдар, нұсқамалар) рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі күнде жүйеге елімізде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы деректер базасы жүктеліп, сарапшыларды тестілеу бойынша модульдер іске қосылды.
Жүйе тест тапсыру кезінде тестіленуші маманның түпнұсқалығын автоматты түрде тексереді. Осы арқылы тестіленушінің басқа адаммен ауыстыру фактісін алдын алады.
Техникалық қадағалау ұйымдары ЭЦҚ арқылы құрылыс барысы туралы мәліметтерді және фотоматериалдарды тіркей отырып, ай сайын есеп береді. Бұл МСҚБ-ға салынып жатқан объектілерге камералдық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұдан өзге, ИИДМ жауапты мемлекеттік органдар тарапынан құрылысқа бақылауды күшейтуді де жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда осы тараптағы тиісті заңнамаға тиісті түзетулер енгізілуде.
Министрліктің бұл бастамасы сапасыз құрылыс жұмыстарының алдын алуға, құрылысы сын көтермейтін нысандарды пайдалануға және қабылдауға тосқауыл қояды.