БастыБілім

Биыл ҰБТ-ға барлығы 164 түлек жіберілмеді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде  73түлек  сынаққа жіберілмеді. Олардың екеуінің дене температурасы жоғары болды, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлімдеді.

Айтуынша, сырқаттанып қалған түлектерге емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тағы 91 бала емтихан ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Олардың арасында тыйым салынған байланыс құралдарын алып кіргендер болды. Барлығы биыл 164 оқушы сынаққа қатыса алмады. Ал былтыр ҰБТ-ға тек 24 бала ғана жіберілген жоқ. Емтихан тапсырғандардың 70 пайызы шектік балды жинады. Ал 2 мыңға жуық түлек бұл сынақтан сүрінді. Ең жоғары 138 балды Түркістан облысы Ордабасы ауылының тұрғыны жинады. Түске дейін тест нәтижелерімен келіспегендер аппеляциялық комиссия мүшелерінің көмегіне жүгінді.

Наужан Дидарбекова  ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:

– Бұл нәтижелердің соңғы қорытындысы тамыз айында нақты болатынын атап өткім келеді. Өйткені қолданыстағы ережелерге сай барлық бейнежазбалар ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін талданып, тыйым салынған заттарды қолданған фактілер болса, тестіленушілердің балдары жойылатын болады, тіпті білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button