27 сәуір мен 3 мамыр арасында австриялық Линцте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында «WTT Youth Contender» турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
25 елден жиналған спортшылар 11, 13, 15, 17 және 19 жас топтарына бөлінеді.
Қазақстан намысын Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Анель Бақыт, Ангелина Романовская, Аққу Темірханова, Гузель Торшаева мен Алиса Цвигун қорғайды.