БастыБілім

«Алтын белгі» иегері болудың қандай артықшылықтары бар?

«Алтын белгі» алтыннан жасалған ба?) Осы бір қызықты сұраққа «Желіге шолу» айдарында жауап берілді.

Бахтияров Ерболат есімді азамат: «Алтын белгі иегерлеріне ешқандай артықшылық пен жеңілдіктер болмаса, оған талпынып, тырысудың қажеті неде? Оған қоса, естуімше, былай бұлдайтын Алтын белгіде айтарлықтайда алтын да жоқ екен!?»,-деген пікір қалдырыпты.

Ерболат мырзаның сұрақтарына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова жауап берді. Оның айтуынша, «Білім туралы» заңға сәйкес «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орнына түсу кезінде артықшылыққа ие. Мысалы, конкурс кезінде үміткерлердің жинаған баллдары тең болған жағдайда «Алтын белгі» иегеріне басымдық беріледі.

«Менің түсінігімде алтын дегеніміз ол – алған білім. «Алтын белгі» кімге беріледі? 11 жыл бойы өзінің озат білімін көрсете алған оқушыларға ғана беріледі. Сондықтан осы еңбекті мен алтынға теңеймін. Сонымен бірге «Алтын белгі» оқушыны ынталандырудың бір әдісі болып табылады. Оқушының үлкен жетістіктерге жету жолындағы алғашқы баспалдағы»,-деді Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button