БастыБілім

Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті

Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті. Бұрын 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады.

Бұрын ғалымдардың жалақысы тұрақсыз болып, конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді қабылданған заңнамалық түзетулердің арқасында жетекші ғалымдардың (1 200 адам) жалақысы базалық қаржыландыруға қосылды.

Бұл ретте ғалымдарға төленетін қосымша авторлық сыйақының жалпы сомасы 338 млн теңгеге тең. Ал инновациялық жобаларды сатудан түскен табыс 16,3 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар 2021 жылы министрлік «Үздік ғылыми қызметкер» байқауын өткізді, оның нәтижесі бойынша 50 жеңімпаз 6 млн теңгеден сыйақы алды. Одан бөлек, докторанттардың стипендиясы 2019 жылы 82 000 теңге болса, енді биыл 195 000 теңгеге дейін өсті.

Соңғы 2 жылда министрлік 130 жобаны жүзеге асырды, оның 120-сы сату кезеңіне жетті. Ғалымдарымыздың ғылыми жобаларының экспорты 346 млн теңгеден асты. Отандық ғалымдардың жобалары Қазақстанда ғана сұранысқа ие емес, сонымен бірге Қытай, Ресей, Түркия, Чехия және басқа да елдердің нарығына шығады.

Білім және ғылым министрлігі кадр әлеуетін нығайтуға және ғалым-зерттеушілерге қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Ведомство ғалым мамандығының қаржылық тұрғыдан тартымды болуы және маңызды ғылыми идеялардың тұрақтылығы мен жүзеге асырылуына кепілдік беру үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ Президенттің қолдауының арқасында 500 ғалым жыл сайын әлемнің үздік ғылыми орталықтарында тегін тағылымдамадан өтеді.

Соңғы екі жылда жас ғалымдардың саны мың адамға өсті. 2018 жылы олардың саны шамамен 8 000-ға жуық адамды құраса, 2021 жылы ғылым саласында еңбек ететіндер саны 9 200 жас ғалымға жетті.

Айта кетейік, Қазақстанда барлығы 396 ғылыми ұйым бар, оларда 22 665 адам жұмыс істейді. Олардың 54%-ы әйелдер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button