Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) үш титул үшін өтетін алдағы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz .
«АҚШ-та GGG мен Мурата жекпе-жегіне 4 күн қалды. Геннадий Головкин өзінің әлемдік турнесін жалғастырып, оның қайтадан әлем титулдарын біріктіре алатынына куә боламыз. Бұл жолы жекпе-жек Муратаның отаны Жапонияда өтеді», – деп жазды Лоэффлер твиттерде.
Еске салайық, Головкин мен Мурата жекпе-жегі жақын арада, 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді.