Танымал репортер Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
«Сейсенбіде Жәнібек Әлімханұлы – Дэнни Дигнум жекпе-жегінің промоутерлік саудасы күшінен қалды, мәміле жасалды. Олар 21 мамырда кездеседі. Бұл туралы маған аты аңызға айналған Карл Моретти (Жәнібек Әлімханұлының ісін басқаратын Top Rank вице-президенті – ред.) айтты. Жекпе-жек өтетін орын кейінірек анықталады», – деп жазды Дэн Рафаэль твиттерде.
Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).