БастыСаясат

Илья Жақанов пен Төрегелді Шармановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Президент Жарлығымен жазушы Илья Жақанов және Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградталды.

«1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.

3.  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген Қаулыда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button