БастыӘлем

Ресейлік хоккейші басына шайба тиіп қайтыс болды

Ресейлік "Динамо Санкт-Петербург" клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов Харламов кубогының 1/8 финалында ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды РИА Новости.

12 наурызда Ярославтық «Локомотивіне» қарсы ойында 19 жастағы спортшының басына шайба тиген. Хоккейші ауыр соққыдан соң құлап, тұра алмай қалды.

«Ойыншы ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін үш күн бойы күресті», – делінген «Динамоның» әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Файзутдинов петерборлық клубтың жастар командасының капитаны болған. Карьерасында 200-ге жуық матч өткізген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button