БастыБілім

2021 жылы Сыр елінде 550 орынға арналған қосымша білім беру ұйымы салынады

Қызылорда өңірінде жаңадан салынған білім беру ошақтарының саны артып келеді. Облыста биылғы жылдың өзінде 3 мектеп пайдаланылуға беріліп, 1 жеке мектептің лентасы қиылды. Сондай-ақ, келесі жылы 3 мектептің құрылысы іске асып, оқушылардың игілігіне берілмек.
Мұнан бөлек, аймақта қосымша білім беру ұйымдары көбеюде, деп хабарлайды Kaznovosti.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Арал ауданында 250 орындық Оқушылар үйі ашылды. Жаңа ғимаратта 14 оқу кабинеті, мәдени-көпшілік шаралар өтетін акт залы орналасқан. Оқушылар үйінде 18 үйірме жұмыс жүргізіліп, 965 оқушы қамтылады.

Келесі жылдан бастап өңірде 550 орынға арналған жаңа қосымша білім беру ұйымы салынады. Бұл оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтуге және түрлі үйірмелерде білімін шыңдауға жол ашады.
Айта кетейік, 1 жыл ішінде өңірде мектептерге 236 жаңа модификациялық пәндік кабинеттер алынып, 42 мектеп «3Д модельдеу» жабдықтарымен толықтырылды. Инклюзивті жағдайда білім алатын балалар үшін 47 балабақша логопедиялық пункттермен қамтамасыз етілсе, 44 мектепте инклюзивтік кабинеттер ашылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button