БастыДенсаулық

ШҚО жаңа Гематология орталығына арнайы медициналық қызметкерлерді даярлайды

ШҚО жаңа Гематология орталығына арнайы медициналық қызметкерлерді даярлайды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Қазіргі таңда облыста еліміздегі алғашқы Гематология орталығының құрылысы жүріп жатқаны белгілі. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кезекті жиында аталған орталыққа медициналық қызметкерлерді дайындау мәселесі талқыланды.

Еліміздегі алғашқы Гематология орталығының құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін мамандар жұлын майын трансплантациялау, трансфузиология және гематология, генетика зертханасы салаларында біліктілігін арттырады.

– Бір ай ішінде штаттық кестені әзірлеу қажет. Дәрігерлер, медбикелер мен басқа да мамандар алыс-жақын шетелде білімдерін жетілдіруі керек. Ол үшін облыстық бюджеттен қаражат қарастырылған, – деді Даниал Ахметов.

Жаңадан бой көтеретін орталықта гематология, жұлын майын трансплантациялау бөлімдері, ИГХ патоморфология және трансфузиология, КДЗ зертханалық топтары, ПТР, ФИШ, генетика зертханалары жұмыс істейтін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button