Үкіметте Алматы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасы мақұлданды

ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық пікірді ескере отырып, жылу электр станциясын жаңғыртудың қарастырылған төрт нұсқасынан қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды.

ЖЭО газдандырудың таңдалған нұсқасы қолда бар жеткізу және бұру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоршаған ортаға әсері барынша азайтылады – күкірт тотығының, күлдің шығарындылары болмайды, азот тотығының және көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі төмен.

Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.