Нұр-Сұлтанға ұшып келген 101 жолаушы стационарға жатқызылды

Нұр-Сұлтан әуежайынан карантиндік стационарға 101 жолаушы жіберілді. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kaznovosti.kz хабарлайды.

9 қазанға қараған түні елорда әуежайына алты ұшақ қонды. Рейстерді Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуе компаниялары жүзеге асырды.

«101 жолаушының ПТР-тестілері жоқ немесе мерзімі өткен. Олар стационарлық карантинге жатқызылды. ПТР тестін тапсырғаннан кейін оларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жіберіледі», деп хабарлады әуежай әкімшілігі.