Францияда қазақстандық сарбаздарды еске алды

Қазақстан Елшісі Жан Ғалиевтің Окситания аймағына сапары барысында француз макизарлары қатарында соғысқан және Еуропаны фашистік басқыншылардан азат ету үшін өз өмірлерін қиған қазақстандық сарбаздардың құрметіне орнатылған обелискке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kiz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған естелік іс-шараға Бас хатшы, Тарн департаменті Префектісінің орынбасары Мишель Лабори, Бесінші республика парламентінің төменгі палатасындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Пьер Кабаре және әскери қорым орналасқан Жуквиель коммунасының мэрі Моник Кастэ-Дебар қатысты.

Өзінің алғы сөзінде «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Пьер Кабаре бүгін жиналғандар 1944 жылғы 6 тамызда Францияны нацистік оккупациядан босату үшін өз өмірлерін ойланбастан қиған 4214-ші полктің қазақстандық сарбаздарын еске алғанынатап өтті. Айырмашылықтарына қарамастан әрбір сарбаз бостандық үшін ортақ күресте өз батылдығын көрсеткенінің арқасында біз бүгін еркін әлемде өмір сүріп жатқанымызға назар аударды.

Өз кезегінде Жуквиель коммунасының мэрі Моник Кастэ-Дебар: «Егер тарих игіліксіз және ұмытшақ болса, онда сіздердің жауынгерлеріңіздің ерлігі ұмытылмағанын бүгінгі күн растайды деп сенеміз. Коммунаның барлық тұрғындары атынан алғысымыз бен ризашылығымызды білдіргім келеді!» – деді.