Шымкент: Еңбекші ауданында саниталық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте күзгі санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Еңбекші ауданы аумағында аулаларды абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Ауданда санитарлық тазалыққа жауапты – «Ақсемсер Стройсервис» мекемесі.

Аталған мекеме ауданда 3 жылдан бері тазалық жұмыстарын атқарып келеді.

Аудан әкімдігі тұрғындарға тазалыққа немқұрайды қарамай, бірлесе атсалысуға шақырады.