
«Protecting Business and Investments» жобасы аясында Достық Үйінің ғимаратында салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша форум өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің, ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшылығы, сондай-ақ Алматы қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, ірі экономикалық бірлестіктер мен шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін салық және кеден заңнамасын жетілдірудегі ағымдағы мәселелерді талқылау, мемлекеттік органдардың, бизнестің және т.б. өзара іс-қимыл форматын құру мүмкіндігі болды.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ақжігіт Бекбердиев өз сөзінде, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, сондай-ақ преференциялық мағынаның жаңа құралдарын жасауға назар аудара отырып, фискалдық саясатта болып жатқан оң үрдістерді атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров соңғы уақытта шағын және орта бизнесті қорғау мәселесінде болған жағымды өзгерістерге тоқталып, ведомствоның инвестициялық алаңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қадамдарымен таныстырды.
ҚР СІМ Алматыдағы Өкілдігінің Басшысы Ерлан Ысқақов өз сөзінде Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылықтарын, оның ішінде қолайлы инвестициялық ахуал, жеңілдетілген визалық және құқықтық режим, мемлекеттің географиялық жағдайының артықшылықтарын атап өтті.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ аймақтық директоры Д.Балиев қатысушыларды инвестициялық жобаларды тарту мен бақылаудың жаңа алгоритмдерімен, республикаға инвестиция тартудың қолданыстағы әлеуетімен және инвесторларға барынша көмек көрсету мүмкіншіліктерімен таныстырды.
Форум шеңберінде қатысушылар салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы сұрақтар бойынша бетпе-бет пікір алмасу мүмкіншілігін пайдалана отырып, инвестициялық көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға үлкен әлеуеттің бар екенін көрсетті.
Форумның нәтижесі бойынша қатысушылар қатарынан жобаларды басқаруды жедел қарқынмен жүзеге асыруға, пандемия мен карантиннен кейінгі кезеңнен туындаған жағдайларды ескере отырып, жедел сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін Жұмыс тобын құру бастамасы болды.
Іс-шара барысында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулыларына сәйкес әлеуметтік қашықтықты сақталып, жеке қорғаныс құралдары пайдаланылды.