Коронавирустан ем қабылдап жатқан 35 бала бар

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Олардың арасында 35  бала бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.