Шымкенттік кәсіпкер 10 дана өкпені желдету аппаратын сыйға тартты

Кәсіпкер Нұрлан Қоңыратбаев Шымкент қалалық № 1 ауруханасына 10 дана өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Қоғамда қолы ашық, жомарт азаматтар аз емес. Бүгінгі індет кезінде кәсіпкерлер де жұмыла, демеушілікке үлесін қосуда. Пандемияны бірлігімізбен, жақынымызға жанашыр болумен жеңеміз»,-делінген Шымкент қаласы әкімдігінің ресми Instagram парақшасында.

Шымкентте кәсіпкер азамат осындай жақсы іске ұйытқы болды. «Тұлпар» автобөлшек базарының директоры Нұрлан Қоңыратбаев Шымкент қалалық № 1 ауруханасына 10 дана өкпені жасанды желдету аппаратын өз қаржысы есебінен сыйға тартты.

Бұл қайырымдылық іс-шарасын Абай ауданы әкімі аппараты ұйымдастырғанын да айта кеткен жөн.