
Шымкент қаласы аумағында 1 қыркүйекте күзгі кезеңдегі жануарларының энзоотиялық аурулардың (кенеге қарсы) алдын алу жұмыстары басталған болатын, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Бүгінге дейін 16 968 бас ірі қара малға сұйық дәрілер бүркіліп, 397 773 шаршы метр қора-жайлар мен оларға жапсарлас аумақтар залалсыздандырылған.
Аталған жұмыстарға 6 бригададан құралған 18 дезинфектор маман жұмылдырылды. Олар бүркуіш ранц аппараттарымен жабдықталған.
Энзоотикалық жұмыстар 15 қазанға дейін жалғасатын болады.