Шымкентте шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды

Бұл туралы қаланың Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында белгілі болды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Құжатқа сәйкес сұлулық салондары мен SPA орталықтарының уақыты кешкі 21:00-ге дейін ұзартылды.

Олар тек жұмыс күндері ғана ашық болады. Қоғамдық көлікке аптаның 6 күнінде қатынауға рұқсат берілді. Бұған дейін автобустар тек дүйсенбі мен жұма аралығында жүретін.

Сондай-ақ енді демалыс күндері ашық аспан астындағы азық-түлік сататын және өзге де базарлар мен сауда орындарының  жұмысына шектеу қойылмайды.

Ал қала тұрғындары әлі де бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап жүруі тиіс. Отбасылық жиын-той өткізуге рұқсат берілген жоқ.