Шымкентте қоқыс жәшіктерін дезнифекциялау жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласының барлық аудан аумағындағы көп қабатты үй аулаларында қоқыс жәшіктері кестеге сәйкес тазаланады. Бүгінде бұл жұмыстар бір жүйеге түскен, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Сондай-ақ, қоқыс алаңшаларын абаттандыру, залалсыздандыру жұмыстары да назардан тыс қалған емес.
Абай ауданы аумағындағы қоқыс алаңшаларында тұрақты дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігі ендігі кезекте қала тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырады.