
Алдағы жылу маусымына қаладағы көпқабатты үйлер де дайындалуда. Жөндеу жұмыстары тұрғындар мен коммуналдық мекемелер арасында түзілген келісімшарт негізінде жүргізілуде. Ю. Гагарин көшесіндегі №8 үйдегі жер төлесінде әбден тозығы жеткен жылу жүйесі жаңаланды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Құбырларды тазалау жұмыстарын аудандағы бес коммуналдық мекеме жүргізуге дайын. Алайда тұрғындар үйді өз күшімізбен алдағы жылу маусымына дайындаймыз десе, таңдау өздерінде. Былтыр Әл Фараби ауданында 130 тарта көпқабатты үйлердің тұрғындары жеке бригадалармен келісіп үйлерді қысқа дайындаған.