
Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот алдындағы тергеу амалдарын бастады.Бұл туралы Kaznovosti.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. сілтеме жасап хабарлайды.
Шенеуніктер қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Олар шағын және орта бизнес субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына төлем ретінде 10,8 млн. теңге көлеміндегі ақшаны беруге заңсыз мәжбүрлеп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Тергеу амалдары жалғасуда. Лауазымды тұлғаларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.