Қай өңірлерде парақорлық көп тіркелген

Биылғы қаңтар-шілде айларында парақорлыққа байланысты 877 құқықбұзушылық тіркелген.

Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,2% көп, деп хабарлайды ranking.kz. сайтына сілтеме жасап Kaznovosti.kz

Шілде айының өзінде парақорлыққа қатысты 56 құқықбұзушылық анықталды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 69,7% көп.

Жеті айдың қорытындысы бойынша парақорлық Батыс Қазақстан облысында көп тіркелген: 100 жағдай – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп. Пара беруден алдыңғы үштікке Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы кірді: әр облыста 75 жағдайдан тіркелген.