
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумағындағы жеке үйлерде газ қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлескен жиын өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
«Аталған жиын барысында газ қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Осыған орай, аудан аумағындағы Забадам шағынауданындағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі бойынша кезекті түсіндірме жұмыстары жүргізілді»,-деп жазды аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов Instagram парақшасында.
Тұрғын үй секторын аралау кезінде тұрғындар өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтар қойып, білікті мамандардың кеңестерін алды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты-тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін халыққа жеткізу.