Қарағанды облысы Қазақстан құтқарушыларын катерлермен қамтамасыз етеді

Қарағанды облысында шағын өлшемді катерлер шығарылады. Оларды суда серуендеу әуесқойлары және құтқарушылар, қорық қызметкерлері мен суқоймаларының сақшылары пайдаланады. Жергілікті өнім Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіледі және Ресейге экспортталады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қарағанды шағын кеме құрылысы верфі» ЖШС 2013 жылдан жұмыс істеп жатыр. Оның цехтары Федоров суқоймасында орналасқан. Қазір кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді.

– Біздің катерлер 3 метрден 14 метрге дейін жетеді. Оларды жеке тұлғалар да, мемлекеттік мекемелер де сатып алады. біз Қазақстанда шағын өлшемді катерлер шығаратын жалғыз компаниямыз. Әрине, біздің мемлекеттік мекемелерге бізден сатып алған тиімді болар еді, себебі шетел өндірушілеріне қарағанда баға шамамен 15%-ға төмен. Біздің өнімдерімізді Челябинск және Екатеринбург сияқты ресей қалалары сатып алады, – дейді, кәсіпорынның коммерциялық директоры Александр Дворянчиков.

Катер өндірісі үшін арнайы жемірілуге қарсы қорытпа, ал ішкі өңдеуі үшін –  ылғалға төзімді шере мен маридектің палубалы жабыны қолданылады. Қозғалтқыштар мен басқа детальдер Қытайдан, Еуропадан және Жапониядан импортталады.

– Қазір біз катер өндірісін 7 метрден 14 метрге дейін ұлғайту ойымыз бар. Аса қолайлы, жақсы жабдықталған катер жасауға болады. Оларды күзету үшін радарлар мен түрлі электроникамен жабдықтауға болады, – дейді Александр.

Қарағанды компаниясы жылына 60 кемеден 100 кемеге дейін шығарады.