Бақыт Сұлтанов халық алдында есеп береді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың «Министрлік жұмысының қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер туралы» халықпен есептік кездесуі 20 тамызда өтеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу сағат 11.00-де басталады, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрліктің Facebook және YouTube-те трансляцияланумен оnline режимінде өтеді.

Министр тікелей эфирде азаматтардан келіп түскен сұрақтарға да жауап береді.

Бұдан басқа, есептік кездесу барысында жедел желі телефоны жұмыс істейді – 8 701 701 01 34. Осы телефон нөмірінің WhatsApp-на қызықтыратын сұрақтарды жібере аласыз.

Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша министрдің брифингі өтеді. Ол «Хабар 24» телеарнасында трансляцияланады. БАҚ өкілдері өз сұрақтарын Орталық коммуникациялар қызметіне жолдай алады.